Толқып отырмын

Бұл бетте «Толқып отырмын» атты Дәулетбек Байтұрсынұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.03.2021
  • 0
  • 0
  • 719
Толқып отырмын,
Түк бітірмегенімнен қорқып отырмын.
Тек қана қиял мұхитын кезіп,
Арман байлығына шолпып отырмын.
Сескенемін көп,
Наз айтар жан жоқ, «өскен елім» деп.
Ақындар бүгін тайпаның туы,
Кетеді...Орал, Өскеменім деп!
Қуаныш қайда?
Шөл қысып барады.
Су алыс сайда.
Өлеңмен ғана сырласайыншы,
Иектеп алған мұң алыстай ма?!
Мазасызданам,
Болған емес қой қазасыз ғалам.
Өшіре алмастай өкініш тартам,
Өмір – ізімді таза сызбаған!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Толқып отырмын өлеңінің авторы кім?

Дәулетбек Байтұрсынұлы — осы өлеңнің авторы.

Толқып отырмын өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Толқып отырмын өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Дәулетбек Байтұрсынұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Толқып отырмын өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері