Тал бесік

Бұл бетте «Тал бесік» атты Күләш Ахметова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 31.08.2018
  • 0
  • 0
  • 4532
Қара бұлт қаптаса да аспан, айды,
Түссе де найзағайдай басқа қайғы.
Үдеріп үрейленіп көшкенде де,
Жұртына қазақ бесік тастамайды.
Сондықтан сан көбейген, өсіп халық,
Жау тисе, жан қорғауға машықтанып,
Алтынын көміп кетіп,
Ата-бабам
Көшіпті балалар мен бесікті алып.
Халықтың көбейгенін армандармын,
Өзінше түсінеді жалғанды әркім.
Түлесін тұқымы асыл құлындармен
Даласы тұлпарлардың, тарландардың,
Ойланам жылды жылдар асықтырса,
Ғанибет — халық басы өсіп тұрса!
Қазақтың ертеңінен үміті зор —
Үйінде тербетілген бесік тұрса.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Тал бесік өлеңінің авторы кім?

Күләш Ахметова — осы өлеңнің авторы.

Тал бесік өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Тал бесік өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Күләш Ахметова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Тал бесік өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері