Тыншымады көңілім

Бұл бетте «Тыншымады көңілім» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 05.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1482
Көк жүзінде жымыңдап түн шырағы,
Шарбы бұлтқа бір сүңгіп, бір шығады.
Тұрған орным қақпа алды, тас қараңғы,
Тыншымады көңілім, тыншымады.
Бірде жүрек суынып, тұншығады,
Бірде тулап қайтадан құлшынады.
Болса-дағы бір жым-жырт меңіреу түн,
Тыншымады көңілім, тыншымады.
Мазаланбас мендей боп тыңшы-дағы,
Кім шығады қақпадан, кім шығады?
Сәулешімнің дидары жарқ еткенше,
Тыншымады көңілім, тыншымады.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Тыншымады көңілім өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Тыншымады көңілім өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Тыншымады көңілім өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Тыншымады көңілім өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері