Толқып отырмын – Дәулетбек Байтұрсынұлы

Бұл бетте «Толқып отырмын» атты Дәулетбек Байтұрсынұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 07.03.2021
  • 0
  • 0
  • 828
Толқып отырмын,
Түк бітірмегенімнен қорқып отырмын.
Тек қана қиял мұхитын кезіп,
Арман байлығына шолпып отырмын.
Сескенемін көп,
Наз айтар жан жоқ, «өскен елім» деп.
Ақындар бүгін тайпаның туы,
Кетеді...Орал, Өскеменім деп!
Қуаныш қайда?
Шөл қысып барады.
Су алыс сайда.
Өлеңмен ғана сырласайыншы,
Иектеп алған мұң алыстай ма?!
Мазасызданам,
Болған емес қой қазасыз ғалам.
Өшіре алмастай өкініш тартам,
Өмір – ізімді таза сызбаған!


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері