Белгілі бір Аллаһқа үтір, нүктем – Дәулетбек Байтұрсынұлы

Бұл бетте «Белгілі бір Аллаһқа үтір, нүктем» атты Дәулетбек Байтұрсынұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 07.03.2021
  • 0
  • 0
  • 772
Белгілі бір Аллаһқа үтір, нүктем,
Жаратқан, жаңылдырма шүкірліктен.
Дінімді беріктей түс мұсылмандық,
Шайтаннан сақтанайын, күпірліктен.
Нұрландыр жүрегімді иманыңмен,
Өзіңе тәуелдімін үй, жаныммен.
Бір Аллаһ, саған ғана сәжде қылам,
Ант етем өзің берген ми-қаныммен.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері