«Қолда – деп – аталарым!» сөз алғасын – Дәулетбек Байтұрсынұлы

Бұл бетте ««Қолда – деп – аталарым!» сөз алғасын» атты Дәулетбек Байтұрсынұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 07.03.2021
  • 0
  • 0
  • 737
«Қолда – деп – аталарым!» сөз алғасын,
Түсіндім, бұл мақсатпен оза алмасын.
Бақ талас, атақ қуған бөлек-бөлек,
Әр ру жасағасын өз «Алласын».
Қызынып, қырық түрлі ұрандайды,
Әлсізге өктем, күштіге бұлаңдайды.
Аузында «Мұсылманбыз» дегенімен,
Сауатсыз құдіретті Құран жайлы.
«Әруақтап» ат қояды бүлік десе,
Абай да зар жылапты-ау біліп кеше.
Бұл қазақ қасіреттен арылмайды,
«Бисмилла, бір Аллаһ» – деп бірікпесе!
Май құйып алды-алдына, от көсеген,
Өліні босқа әурелеп, текке сенген.
Өршиді алтыбақан алауыздық,
Қаптаған көп «Құдаймен», көп көсемнен.
Шегі жоқ қуа берсең жан құмардың,
Қараңғы қалды емес пе қалғыған күн?
Тек бізді қолдайтын да, қорғайтын да,
Жаратқан бәрімізді жалғыз – Раббым!!


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері