Емдеңіз – Дәулетбек Байтұрсынұлы

Бұл бетте «Емдеңіз» атты Дәулетбек Байтұрсынұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 09.03.2021
  • 0
  • 0
  • 726
Өмір – ғажап, өмір – сырлы, өмір – таң,
Тұншығасың қиялыңмен шомылсаң.
Уақыт – қиқар, әміріңе көнбейді,
Ми – мазасыз, жүрек – кірбең, көңіл – шаң.
Біз мезеттік,
Уақыт шексіз, мәңгілік.
Шаужайлайды шабуылдап сан күдік.
Бақи дүние елемейді ертеңін,
Инсан деген – қарынға құл, әңгүдік.
Мен де, сен де періште емес, пендеміз,
Анамыздың шикі сүтін емгеміз.
Жүрегіңде ақау болса аздырғыш,
«Лә иллаһа Иллаллаһпен» емдеңіз!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Емдеңіз өлеңінің авторы кім?

Дәулетбек Байтұрсынұлы — осы өлеңнің авторы.

Емдеңіз өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Емдеңіз өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Дәулетбек Байтұрсынұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Емдеңіз өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері