Аспан асты – Дәулетбек Байтұрсынұлы

Бұл бетте «Аспан асты» атты Дәулетбек Байтұрсынұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 09.03.2021
  • 0
  • 0
  • 1042
Ойларым мақсат еткен тірліктегі,
Қаншама қамшы бастым, бір бітпеді.
Ғұмырдың қырық жылын қыр асырдым,
Сонда да жұрттан асып, білдік нені?!
Айдадым өгіз шана, ат арбаны,
Ұстадым қаламды да қатардағы.
Қай белден шығарады қиын соқпақ,
Өмірдің қалтылдатып қатал заңы!
Күн кештім ағайынның бірлігі деп,
Әз жаным байыз таппай жүрді жүдеп.
Аллаһқа ризамын, бергеніне,
Кеудеме жарқыратып нұрлы жүрек!
Өзгені өзімсінер жылы өңім бар,
Баршаға жайып салар жүрегім бар.
Баптаған көп жыл бойы, көзден таса
Өсіргем өздеріңе,
Жыр-егінді ор!!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Аспан асты өлеңінің авторы кім?

Дәулетбек Байтұрсынұлы — осы өлеңнің авторы.

Аспан асты өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Аспан асты өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Дәулетбек Байтұрсынұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Аспан асты өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері