Мен деген қырықтамын! – Дәулетбек Байтұрсынұлы

Бұл бетте «Мен деген қырықтамын!» атты Дәулетбек Байтұрсынұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 09.03.2021
  • 0
  • 0
  • 1020
Мен деген қырықтамын!
Қай күні келер Аллаһ, құрықтағың?
Арманым қол жетпеген көп болса да,
Жалғаннан қайтарымды ұмытпадым.
Қызыр, Иса, Ыдырыс тірі кеткен,
Өзге жан жер қойнында тыным еткен.
Асығып қайда барам, – алдым жақын,
Көшумен көлік іздеп күнім өткен.
Қырықтың қыратынан үрейленем,
Мол ет деп иманымды тілей берем...
Сәт сайын өзіме-өзім есеп беріп,
Алысып жүрем ылғи бір ойменен...
Баса алмай қиналамын салмағынан,
Батпаққа батып жатыр арба – күнәм.
Шын дүние жиіркенбей қарсы алса екен,
Осынау Дәулетбектің аруағынан!


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері