Осылай – Дәулетбек Байтұрсынұлы

Бұл бетте «Осылай» атты Дәулетбек Байтұрсынұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 09.03.2021
  • 0
  • 0
  • 803
Шығып келем тұманнан,
Тұңғиығын қалдырып.
Жарық түсе бастады, меңіреуді таң түріп.
Азан дауысы тамылжып, шымырлатты бойымды,
Қан жүгіріп тәніме, тіршілікке тәнті қып.
Жолаушымын мен де бір,
азабы мол адасқан,
Үрей-күдік бүйірге біліндірмей жанасқан.
Бақытыма бір Аллаһ нұрын төкті төбеден,
Шын дүние көрінді
шымылдығын жаңа ашқан.
Нық орныға бастадым үш сирақты мосыдай,
Қарсы алатын халдемін елімді де шошымай.
Енді менің аспаным бұлттанбайды ешқашан,
Ұлы Аллаһ Ием бар, жайым міне осылай!


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері