Ұйқылының парқы не ояуменен – Дәулетбек Байтұрсынұлы

Бұл бетте «Ұйқылының парқы не ояуменен» атты Дәулетбек Байтұрсынұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 09.03.2021
  • 0
  • 0
  • 626
Ұйқылының парқы не ояуменен,
Өлі тәнге оны мен таяу дер ем.
Көзі ашықты ақ нұрлар аймаласа,
Ұйқы қоңыр қоршалар бояуменен.
Уақыт солай бәрін де көшіретін,
Басын қойса,
Қара жер төсіне түн.
Өлімменен өмірді алмастырып,
Тізіп келе жатыр ғой өшіретін.
Білер мынау ғаршының кім мөлшерін?
Тән – топырақ.
Қосады түн мен сені.
Жан дегенің – рухың – ұйықтамайды,
Өйткені ол – Аллаһтың бір бөлшегі.
Жосып кетіп жатады жосып келіп,
Бірін-бірі айыптап осып, періп.
Жан Жаратқан Иеге жол тартады,
Қара жерге денеңді қосып беріп.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ұйқылының парқы не ояуменен өлеңінің авторы кім?

Дәулетбек Байтұрсынұлы — осы өлеңнің авторы.

Ұйқылының парқы не ояуменен өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ұйқылының парқы не ояуменен өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Дәулетбек Байтұрсынұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ұйқылының парқы не ояуменен өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері