Сайтта техникалық жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Қате байқалса, назар аудармауыңызды сұраймыз.

Өткен күн өлім десе сескенер ем

Бұл бетте «Өткен күн өлім десе сескенер ем» атты Дәулетбек Байтұрсынұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 09.03.2021
  • 0
  • 0
  • 827
Өткен күн өлім десе сескенер ем,
Сияқты жанып болып өшкен емен.
Денемді үрей билеп алатұғын,
Артымда не қалды деп кестелеген...
Тіршілік сезілуші ед тиылғандай,
Қорқыныш ажал деген қиылғандай.
Сөйтсем ол – надандықтың белгісі екен,
Абдырап жүргендігім иім қанбай...
Болмайды Алла алдында көнбейтінің,
Пердесі екі дүниенің – көр дейтінің.
Ал өзім кетем ғаршы мекеніме,
Ол – рух.
Сондықтан ғой көрмейтінің.
Әуелгі тән – топырақ тегімізді,
Табамыз, байлатып ап иегімізді.
Адамдар алданады осы екен деп,
Пәк жанға ұя болған сүйегімізді.
Пенденің осы емес пе ғарыптығы,
Тоқтаймыз Алла алдына барып түбі.
Жинаған иманыммен өлшенеді,
Жанымның семіз бе, әлде арықтығы!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Өткен күн өлім десе сескенер ем өлеңінің авторы кім?

Дәулетбек Байтұрсынұлы — осы өлеңнің авторы.

Өткен күн өлім десе сескенер ем өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Өткен күн өлім десе сескенер ем өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Дәулетбек Байтұрсынұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Өткен күн өлім десе сескенер ем өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері