Өткен күн өлім десе сескенер ем – Дәулетбек Байтұрсынұлы

Бұл бетте «Өткен күн өлім десе сескенер ем» атты Дәулетбек Байтұрсынұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 09.03.2021
  • 0
  • 0
  • 879
Өткен күн өлім десе сескенер ем,
Сияқты жанып болып өшкен емен.
Денемді үрей билеп алатұғын,
Артымда не қалды деп кестелеген...
Тіршілік сезілуші ед тиылғандай,
Қорқыныш ажал деген қиылғандай.
Сөйтсем ол – надандықтың белгісі екен,
Абдырап жүргендігім иім қанбай...
Болмайды Алла алдында көнбейтінің,
Пердесі екі дүниенің – көр дейтінің.
Ал өзім кетем ғаршы мекеніме,
Ол – рух.
Сондықтан ғой көрмейтінің.
Әуелгі тән – топырақ тегімізді,
Табамыз, байлатып ап иегімізді.
Адамдар алданады осы екен деп,
Пәк жанға ұя болған сүйегімізді.
Пенденің осы емес пе ғарыптығы,
Тоқтаймыз Алла алдына барып түбі.
Жинаған иманыммен өлшенеді,
Жанымның семіз бе, әлде арықтығы!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері