Жазайын десем менсіз де – Дәулетбек Байтұрсынұлы

Бұл бетте «Жазайын десем менсіз де» атты Дәулетбек Байтұрсынұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 09.03.2021
  • 0
  • 0
  • 1008
Жазайын десем менсіз де,
Алматыда ақын көп.
Жазбайын десем, елсізде,
Өлеңнен басқа жақын жоқ.
Дегенім «елсіз» – шындығым,
Сүйреткен бәрі сүлдерін.
Сезіндім өмір сұмдығын,
Аязын көрдім шілденің.
Ойраны шыққан секілді,
Жүрегі беріш ортаның.
Ар-ұят тозып, сетілді,
Алдағы күннен қорқамын.
Өзімше мен де өрнектеп,
Суретін сала берейін.
Бір күні біреу шөлдеп кеп,
Өсірер ішіп мерейін...


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері