Иман тілеп, Жаратқан жалынамын өзіңе
Бұл бетте «Иман тілеп, Жаратқан жалынамын өзіңе» атты Дәулетбек Байтұрсынұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Иман тілеп, Жаратқан жалынамын өзіңе,
Кетпей тұрып кездессем
бұл фәниден көз іле.
Осы күні жүректің төрін саған сыйладым,
Жеңіл етіп ертеде қосып келсем сөзіме.
Иман тілеп нұрланған көкірекке шам сұрап,
Жалынамын ұлы Аллаһ
жанардан жас тамшылап.
Қанағатты Сабырым қайтып берді бойыма,
Көнбей жатыр өр нәпсім
жаншылса да қансырап.
Иман тілеп мол азық екі әлемде ортаймас,
Қуат берер жаныма, жігер берер қартаймас.
Шапағатын Расулдың,
махаббатын сұраймын,
Өсиет қып қалтырған
сүнна бізге – жол таймас.
Иман тілеп рухыма көркемдігін аңсаймын,
Өзен болып біріккен бұлағындай әр сайдың.
Сыртыма емес, сынақ күн ішіме бер қазына,
Дәмі қалды білмеймін,
қанша күн мен қанша айдың?!
- Уильям Шекспир
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі