Айналып келіп тәніңді
Бұл бетте «Айналып келіп тәніңді» атты Дәулетбек Байтұрсынұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Айналып келіп тәніңді,
Жүрегіңе құятын,
Ағысы барда қаныңның,
Тірліктен үлес жиясың.
Түзу болса ниетің,
Мақтанышың миятың.
Былғаныштан қашанда,
Күзетшің болар тиятын.
Әу бастан болса ақылың,
Басың бар елге сиятын.
Қиындық келсе досыңа,
Бересің, барды қиясың.
Жомарт болса жаныңыз,
Табылар айран құятын.
Мейірлі, шуақ жаз болсаң,
Баршаға ыстық ұясың.
Намыс пен мақсат бар жерде,
Бағынар саған қия-шың.
Адамдығыңды айшықтар,
Тек қана сенің ұятың.
- Уильям Шекспир
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі