Осындай да бола ма екен тоқырау?
Бұл бетте «Осындай да бола ма екен тоқырау?» атты Дәулетбек Байтұрсынұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Осындай да бола ма екен тоқырау?
Мені біреу «байлап» тастап отыр-ау!
Қырық деген қамал алар кезім ғой,
Опыратын, жапыратын осынау.
Ойлаймын да ойларымнан жалтарам,
Өзіме-өзім сияқтымын жарты адам.
Ешкім әлі назар салып көрмеген,
Іздерімді іздеп кетем Картадан...
Бастап алып бұл не сұмдық айныған?!
Жаратқанға ауыр болды қай күнәм...
Өзімді-өзім тергеймін де соттаймын,
Ойға батам, мұңға батам, қайғырам...
Қиялымның жабағысын түтемін,
Бастан кешіп ызғар қыстың түтегін.
Туып келе жатыр менің көктемім,
Сабырымды жолдас етіп күтемін.
- Уильям Шекспир
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі