Бұл бетте «Бір өзіңе арналады» атты Дәулетбек Байтұрсынұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Өмір берген бір өзіңе жүгінем,
Ақиқаттың ұстаттың сен жібінен.
Ғашық болдым, асық болдым ақ нұрға,
Жүрегім мас, махаббатқа жібіген.
Кенелдірдің ризыққа, шуаққа,
Жолықтырдың «ғылым» деген суатқа.
Адамдардың үстем етіп мерейін,
Қауыштырдың қажымайтын қуатқа.
Алла саған бас иемін, сыйындым,
«Акбар» десем жеңілдейді қиын күн.
Рухымды жарқыратып, жайнатып,
Көкірекке иман болып құйылдың.
Аманатың – жан құсымыз,
Хаһ жолында бар күшіміз.
Бір өзіңе арналады,
Мақтау, мадақ, алғысымыз.
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
- Сәкен Сейфуллин
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі