Бәрі де қалады – Дәулетбек Байтұрсынұлы

Бұл бетте «Бәрі де қалады» атты Дәулетбек Байтұрсынұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 10.03.2021
  • 0
  • 0
  • 1083
Қалады думан дүние,
Білдірмей уақыт ұрлаған.
Қалады
сарай, тағың да,
Күтіп тұр басқа бір ғалам.
Қалады даңқ, мәртебең,
Мәңгілік оны жазбаған.
Алланың досы болады
Адамдар ғана азбаған.
Қалады тегіс, алданба,
Сынаққа тартқан сый бәрі.
Өзіңмен бірге болатын
Алланың берген иманы.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері