Бұл бетте «Дауыссыз үн» атты Дәулетбек Байтұрсынұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Малыңыз жарылқамас жиған сіздің,
Мәнсәбің мақтан емес, тидаусыз күн.
Үніне құлағың сал періштенің,
Бірі боп кетпеу үшін имансыздың.
Биліктің бишігімен ықтырам деп,
Атасың асар ұлды мықты дәлдеп.
Өзеуреп өктемдікке жүгін дейсің,
Тәкәппар бұйрығыңды ұқтырам деп.
Аздырып өшіре алмас миымды ешкім,
Аллаһпен жүрек қалап түйіндестім.
Раббыма ғибадатым бәсеңсімес,
Перғауын зәу-затына иілмеспін.
Ащыдан қуырылды кермек тілім,
Түсіндім мақамымен жер-көк тілін.
Әнінен аулақтатып әзәзілдің,
Бер, Аллаһ, тақуаның сергектігін.
- Азамат Төре(авторлық ой)
- Азамат Төре
- Рабиндранат Тагор
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі