Абайын ұрпақ таныса – Дәулетбек Байтұрсынұлы

Бұл бетте «Абайын ұрпақ таныса» атты Дәулетбек Байтұрсынұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 10.03.2021
  • 0
  • 0
  • 801
Шанағын көздің жас кептей,
Биікке қадам басты ептей.
Тәуелсіз елге айналды,
Абайын халқы әспеттей.
Ұйыған нұрға алды әппақ,
Тарихты білген салмақтап.
Арманын қуып келеді,
Абайын елі ардақтап.
Жасаған жаңа жыр, мектеп,
Өнерім содан тұр көктеп.
Санасын сілкіп тазартты,
Абайын жұрты құрметтеп.
Мінезге мін боп дөкірлік,
Қаншама заман өкіндік.
Аллаһты қазақ тануда,
Абайын алтын көпір қып.
Жылдармен жүрміз жарыса,
Болашақ әлі алыс, ә?!
Адаса қоймас әмәнда,
Абайын ұрпақ таныса!
Жүрегін тыңдап алыптың,
Айтқанын тыңдап қанықтым.
Мақсаты жолда қалмайды,
Абайын сүйген халықтың!


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері