Бүгін жұма
Бұл бетте «Бүгін жұма» атты Дәулетбек Байтұрсынұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Қасиетті жұмада жан нұрланар,
Көктен түскен қуантып әрбір хабар.
Өткен күндер өзіме түсінікті,
Белден асып белгілі алдым барар...
Көппен бірге сәжде етіп бір Аллаға,
Жүрегіме өтеді Құран – дана.
Жұма намаз құтпасы оқылады,
Имам сөзін тыңдаймын құмарлана.
Бүгін – Жұма, бас иіп құбылаға,
Сап түзеп жұрт, бірі қарт, бірі бала.
Адам-Ата ұрпағы бәрі бірдей,
Қоңыр мейлі, ақ, сары, түрі қара.
Арман алыс сонау көк жиектегі,
Қандай ғажап Аллаһтың сый еткені!
Жерге түсер шуағы ұжымақтың,
Дұрысталса пенденің ниеттері...
- Уильям Шекспир
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі