Қос шынарым – Қалампыр Кенжеғалиева

Бұл бетте «Қос шынарым» атты Қалампыр Кенжеғалиева жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 16.03.2021
  • 0
  • 0
  • 1045
Қос шынарым – екеуіңсің,
Қос құшағым – апа, сіңлі.
Сағынармын тілдеспесем,
Көрмегендей Ай мен Күнді.
Бәсеңдесе, әл-қуатым
Өздеріңе шағым айтам.
Жаңа доспен танысқанда
Қос шынарым барын айтам.
Қос шынардың бұтағына,
Жырдан жібек бау өрейін,
Жалғап алып әлпеншекте
Тербетіліп, еркелейін.
Еңсе түзер қос шынарым,
Жол көрсетер қос шырағым.
Тілекші боп аман жүрші,
Қос шынарым, қос шырағым!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері