Көкжиекте сұлу Көкше сұлбасы – Қалампыр Кенжеғалиева

Бұл бетте «Көкжиекте сұлу Көкше сұлбасы» атты Қалампыр Кенжеғалиева жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 16.03.2021
  • 0
  • 0
  • 643
Көкжиекте сұлу Көкше сұлбасы,
Көңілімде сағыныштың тұнбасы.
Астанадан шығып едім асығып,
Күтіп тұр деп әппақ қайың-сырласым...
Қыста келгем, көктем келгем, жаз келгем,
Жаз жадырап, өте шығып күз келген...
Сарғыш тартып жапырақтар сирепті,
Аумай қалған шашы ағарған біздерден.
Жел тонаған жапырағын көп қайың,
Саған қарап, сабыр сақтап, тоқтайын.
Күз-өмірді ызғар сезіп қарсы алсам...
Өмір солай... қайсыбірін жоқтайын!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері