Салмақ – Қалампыр Кенжеғалиева

Бұл бетте «Салмақ» атты Қалампыр Кенжеғалиева жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 16.03.2021
  • 0
  • 0
  • 824
Дарыса егер бойыңа
Мысқал түйір салмақтан,
Адамсың, сен, ендеше,
Мақтана алсаң, ал, мақтан!
Салмақтылық белгісі –
Мақтан сөзге лепірген,
Қолпаштауға көпірген,
Түспес оңай қармаққа!
Салмақтылық белгісі –
Мақтауға да, даттауға
Мұқтаждығы болмайды,
Қараласаң – ақтауға!
Салмақсыздық – ойсыздық,
Қойса, құдырет ойсыз ғып.
Ойлыларды сынауға
Ғажап құрал – ойсыздық.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері