Жәй ғана өлең – Қалампыр Кенжеғалиева

Бұл бетте «Жәй ғана өлең» атты Қалампыр Кенжеғалиева жазған поэзия туралы өлең берілген.

  • 16.03.2021
  • 0
  • 0
  • 1501
Мына дала – қай дала,
Айқай кезген айдала
Мына бала – қай бала
Өзі момын жәй ғана!
Дала кезген айқайшы,
Келген қайдан, байқашы!
Момын бала желкесін,
Тұр ма өзі, жәй қасып?
Көшкендер кім, қонған кім,
Алғандар кім жайғасып?
Арба сүйреп жүрген кім,
Жүргендер кім шай тасып?
Мына дала, қай дала,
Қонақтары бай дала,
Күнкөрісі орташа
Ұрпақтардың жәй ғана...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері