Сүйетіні беймәлім кімнің мені… – Табиғат Абаилдаев

Бұл бетте «Сүйетіні беймәлім кімнің мені…» атты Табиғат Абаилдаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 31.03.2021
  • 0
  • 0
  • 697
Гүл-ерінге құрбан қып мұң-шеруді,
Түнеруде (ұға ма түн шерімді).
Біреулерге шайырдың паңдығы ұнар,
(Ал біреуге шайырдың бүрсеңі үлгі).

Қабағымда атой сап күннің реңі,
Тамағымда естелік түннің зері.
Қалайтыны беймәлім кімнің нені,
Сүйетіні беймәлім кімнің мені…

Жүргенімен жүгендеп, тұсап бәрі,
Зәру менің жүрегім құшаққа әлі.
Төзімімді бір сұлу пышақтады,
Сезімімді бір сұлу құшақтады.

Жүрегіме Жан емес жарылыс тең,
Жарылыста Түнде де жарық үстем.
Көз алдымда жүрерсің сағынбай-ақ,
Көз алдыңнан кетермін сағынышпен!!!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері