Бұл бетте «Төгіп өтті ақ жауын» атты Жүсіп Қыдыров жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Төгіп өтті ақ жауын.
Бұлт тарады.
Жер мұнтаздай,
Көрген көз сұқтанады.
Кемпірқосақ қиылып күншығыстан,
Сайын дала сүйсініп жұтты ауаны.
Рақаттаншы тірлікпен сен де бірге,
Кемпірқосақ. Көз тоймас шеңберіне.
Тойымызға кілемін тоқып жатқан
Анамыздың әлде ол өрмегі ме?!
Рақаттаншы менімен сен де бірге,
Кемпірқосақ. Көз тоймас шеңберіне.
Дүниенің қызыл-жасыл бояуындай
Айналар ма таңертең жер де гүлге.
Азан-қазан бауларда құс қаптаған,
Жап-жас дала;
Сәбидей тіс қақпаған...
Кемпірқосақ жүгірсем жеткізбейді
Сен секілді қусам да, ұстатпаған.
Құбылады тіршілік неше түрлі,
Сылаң қағып,
Құлпырып көрсе күнді.
Сен сұлусың шұғылалы табиғаттай,
Табиғат та қылықты-ау сен секілді.
- Азамат Төре(авторлық ой)
- Азамат Төре
- Рабиндранат Тагор
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі