Сүйсе мені сендей сүйсін бір адам –
Жүсіп Қыдыров
Бұл бетте «Сүйсе мені сендей сүйсін бір адам» атты Жүсіп Қыдыров жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Сүйсе мені сендей сүйсін бір адам,
Сендей таза болсын бәрі күнәдан.
«Алыс жолдан келгеніңде төсіңе
Қандай бақыт, – дейсің, – өксіп құлаған».
Сен биіксің, аспан деген жай биік,
Сен күлімдеп қабағыңмен ай қиық:
«Қандай бақыт, – дейсің, – мынау жалғанда
Берген саған өз қолыммен шай құйып!»
Қасқа лақтай ойнақтаған еркем ең,
Қайық болсам, сен қанатты желкен ең.
«Қандай бақыт, – дейсің, – сені қия алмай
Аттандырып тұрған күнде ертемен».
Лаулап жанған жүректегі от өше,
Тойынбайық көздің мынау еті өсе.
Сен бақытты болсаң дәйім менімен,
Мен бақытты болғаным ғой екі есе.
- Азамат Төре(авторлық ой)
- Азамат Төре
- Рабиндранат Тагор
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі