Сен жоқ жерде – жол табар ақылым жоқ
Бұл бетте «Сен жоқ жерде – жол табар ақылым жоқ» атты Жүсіп Қыдыров жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Сен жоқ жерде – жол табар ақылым жоқ,
Шаршағанда тігетін шатырым жоқ.
Сенсең, мынау кең байтақ дүниеде
Сенен басқа жанашыр жақыным жоқ.
Сен жоқ жерде – гүлнәзік өлеңім жоқ,
Жұртты аузына қаратқан өнерім жоқ.
Мынау жалпақ фәниде сенен өзге
Сүйерім жоқ, серік деп сенерім жоқ.
Сен жоқ жерде – сымбатты кешқұрым жоқ,
Күн жоқ, түн жоқ, таң да жоқ, кешқұрым жоқ,
Көп ішінде жүремін жалғызсырап,
Сенен басқа, жаным-ау, ешкімім жоқ.
Сен жоқ жерде – мәні жоқ баһар, бақтың,
Бұл жырымды қай шыңға апармақпын?..
Мен таусыла сөйлесем кінәлама,
Әсері ғой таусылмас махаббаттың.
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі