Қос терек бар терезеңнiң алдында –
Жүсіп Қыдыров
Бұл бетте «Қос терек бар терезеңнiң алдында» атты Жүсіп Қыдыров жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Қос терек бар терезеңнiң алдында,
Соны екеуiмiз деп сен кейде қалдың ба?
Бiлем оны, бiлемiн сол көктемнен,
Күндерiмнен сенi iздеп көп келген.
Бiрi сендей – көз тояр ма көргенде-ей!
Екiншiсi – науша келген дәл мендей.
Сағыныштың судыратып қанатын,
Сыбырласып, сиқырлы әнге салатын.
Тыңдаушы едiм құлақ тосып әрдайым,
Желкенiмдi желпiп ойнап жел-уайым.
Содан берi мұңдас, сырлас менiмен,
Домбыраның iшегiндей керiлген.
Қазiр келiп бiр құдiрет: «Қос өмiр!
Адам болма, басқа боп ту!»– десе бiр,
Сағынышы мың жапырақ – желек боп,
Шығар едiк екi жасыл терек боп.
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
- Сәкен Сейфуллин
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі