Бұл бетте «Неге кенет күрсiндiң?» атты Жүсіп Қыдыров жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Неге кенет күрсiндiң?
(Сен күрсiнсең – қала ма ес!)
Ұшығы ма бiр сырдың,
Айтылмаған маған еш.
Мен бiле алмай әуремiн,
Үндемейсiң тiс жарып.
Мына ғұмыр – дәуренiм
Кеткендей ме қысқарып.
Неге өкiндiң уһiлеп,
Арман еттiң сен ненi?
Қырық қабырғам күтiрлеп,
Жан қысылып терледi.
Таусылды ғой амалым,
Таба алмадым себебiн.
Өзiм күйiп-жанамын,
Оны өзiмнен көремiн.
Махаббатсыз өлер ер,
Басқасына көнер ер.
Тiрлiк етiп не керек,
Мен күрсiнтсем сенi егер.
Неге оқыста күрсiндiң,
Толы едiм – ортамын.
Айтылмайтын бiр сырдың
Лебi ме деп қорқамын.
Мен отырмын жалғаннан
Аза бойым қаза боп.
Сыр айтпасаң сен маған,
Одан артық жаза жоқ.
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі