Арман емес сақал-шашың ағарған –
Жүсіп Қыдыров
Бұл бетте «Арман емес сақал-шашың ағарған» атты Жүсіп Қыдыров жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Арман емес сақал-шашың ағарған,
Арман емес алтын көмбе таба алған.
Сағыныштың жасын төгiп жанардан,
Арман емес ел, жер көрiп оралған.
Аппақ таңда соңғы iз кесiп сонардан,
Ақ түлкiге ғашық болу – сол арман!
Маңдайыңда сор болмаса бес елi,
Шын махаббат соқпай кетпес деседi.
Сонда сенiң ойың, бойың өседi,
Құлазыған жер құлпырып кешегi.
Аппақ таңда соны iз кесiп сонардан,
Күйiп-жанып ғашық болу – сол арман.
Ғашықтықтың шарапаты ғажайып,
Ей, ақындар, соны әдемi жазайық!
Ғашық болсаң түн түнегi азайып,
Шыға келер жаның кiрден тазарып.
Аппақ таңда соны iз кесiп сонардан,
Өлiп-өшiп ғашық болу – сол арман.
Ғашық болсаң тарқамайды базарың,
Көтересiң не бiр түрiн жазаның.
Риза болып аттанасың өмiрден,
Бүгiн келiп қалса дағы ажалың.
Сүйдiм сенi, сүйдiм сендей әлемдi,
Армансызбын,
Армансызбын мен ендi!
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі