От жанарың күндей болып ашылған
Бұл бетте «От жанарың күндей болып ашылған» атты Жүсіп Қыдыров жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
От жанарың күндей болып ашылған,
Қара шашың ақ төсекте шашылған.
Мен отырмын тоймай қарап жүзіңе,
Осы дәурен өтпесе екен басымнан.
Жолаушы едім аңсап күткен жол таңын,
Сол таңым боп ұшырастың, шолпаным.
Құшағымнан отырмасам шығармай,
Сенен мәңгі айырылам деп қорқамын.
Сен бітпейтін нұры болдың көзімнің,
Сен бітпейтін көзі болдың сезімнің.
Айлар бойы, жылдар бойы өзіңді
Мен аймалап отыруға әзірмін.
От ерінің қызыл гүлдей ашылған,
Қара шашың ақ төсекке шашылған.
Мен отырмын тоймай қарап жүзіңе,
Осы дәурен кетпесе екен басымнан,
Осы дәурен өтпесе екен басымнан.
- Уильям Шекспир
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі