Сұлулыққа құмартпайтын бар ма адам
Бұл бетте «Сұлулыққа құмартпайтын бар ма адам» атты Жүсіп Қыдыров жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Сұлулыққа құмартпайтын бар ма адам,
Оны көрсе, мылқау жүрек сарнаған.
Желөкпелер желіп өтіп қасыңнан,
Сүймесе де, саған өлең арнаған.
Сүймесе де, саған өлең арнаған,
Сүйемін деп сені, өзін алдаған.
Сендей өртті менше сүйер жасқанбай,
Айтшы өзің, бұл фәниде бар ма адам?
Айтшы өзің, бұл фәниде бар ма адам
Тапқанынша Сені – тыным алмаған:
Мен бе екенмін Сені іздеп құс қанатты,
Ат тұяғы жетпес жерге бармаған?!
Жырға қоспай тұра алады сені кім,
Ерлігі жоқ сабаздардың көбінің.
Бір көргенде өлең арнап жазғанмен,
Мына мендей арнай алмас өмірін.
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі