Өртенетін жүрек өкінді дедім

Бұл бетте «Өртенетін жүрек өкінді дедім» атты Әбілда Аймақ жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 13.04.2021
  • 0
  • 0
  • 697
Өртенетін жүрек өкінді дедім,
Жылытпайды менің бетімді лебің.
Өзіңді ойлап қаншама шаршағаныммен,
Майсыз қалған шырақ секілді едім.
Сонда дағы үміт үзбейді, жаным,
Келте өмір мынау іздейді бәрін.
Өзің мені ойлап жүрмегеннен соң,
Күдеріңді енді үз дейді, мәлім.
Күшейтеді тағы да күдікті елесің,
Әлпетіме менің күліп келесің.
Құсалықтан күйіп бара жатырмын,
Өміріміз тіпті бірікпегесін.
Қуарсам да қанша елемейсің сен,
Өзің сүйген жанға теңемейсің сен.
Өлең жаздым бүгін жолыңа қарап:
«Оралмай бір кеткен кемедейсің сен...»


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Өртенетін жүрек өкінді дедім өлеңінің авторы кім?

Әбілда Аймақ — осы өлеңнің авторы.

Өртенетін жүрек өкінді дедім өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Өртенетін жүрек өкінді дедім өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Әбілда Аймақ өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Өртенетін жүрек өкінді дедім өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері