Өткен күн өтті
Бұл бетте «Өткен күн өтті» атты Әбілда Аймақ жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.
Өткен күн өтті,
Тозығы жеткен шапандай,
Атым да тіпті аталмай.
Іштегі дерттің құлы боп жүрген күндерде,
Жүйкені түттім сөйлеуге жанға бата алмай.
Көңлімде менің өшпеген сырлы ырғақ қап,
Кететін еді кеудемді кейде нұр қаптап.
Жалғыздықты жеңе алмай қойдым қайткенмен,
Бас қосқан жерден сырғақтап...
Біздің үй тұрды ауылдың орта шенінде,
Оранып алған әкемнен қалған кебінге.
Кез еді ол бір адыра қалып ошағым
Пітірім қашқан менің де.
Жағалай үйдің білдіріп әр кез тоқтығын,
Қара қазандар бермейтін еді оттығын.
Түнерген үйде түңілуші едім мен ғана,
Өйткені мен де жағатын шам да жоқ тұғын.
Не істеймін десем өзімнің бәрі «еркімде»,
Мін болмаушы еді сертімде.
Тек қана күндіз қаңғырып кетіп ауданға,
Түнеуші едім үйіме келіп жер түнде.
Төрт дуал іші деміммен менің жылитын,
Ішек-бауырым іритін.
Үңірейген үйде темекі болып ермегім,
Кеміріп түнді көршінің иті ұлитын.
Өткен күн өтті,
Тозығы жеткен шапандай,
Атым да тіпті аталмай.
Теңселіп тұрып тілімді тістеп кетуші ем,
Қамығып-қаңғып, балаларға да бата алмай.
- Шәкәрім Құдайбердіұлы
- Әл – Фараби
- Төлепбек Жантай
- Есбол Бозан
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі