Тағдыр салса не күнді кешесің де – Әбілда Аймақ

Бұл бетте «Тағдыр салса не күнді кешесің де» атты Әбілда Аймақ жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 15.04.2021
  • 0
  • 0
  • 711
Тағдыр салса не күнді кешесің де,
Темірланның көп жүрдім көшесінде.
Көз алдымда ластау сырахана,
Одан бөлек түк те жоқ еш есімде.
Азанымен шараптан тартып алып,
Қандай ойға дейсің бір малтымадық.
Содан кейін таныстар кездесер деп,
Жүретінмін,
Қолымда жарты балық.
Жалғыз мендей өмірде тентіреген,
Ісім болмай басқаның дертіменен.
Сырахана шетінде тұрушы едім,
Жүрегімнің алысып өртіменен.
Жерім жоқ боп басқалай шегінетін,
Бар қабырғам қақырап, сөгілетін.
Саптыаяққа шынымды, сырымды айтып,
Көзімнен жас моншақтап төгілетін.
Тағдыр салса, не күнді кешесің де,
Темірланның көп жүрдім көшесінде.
Көз алдымда ластау сырахана,
Одан бөлек түк те жоқ еш есімде.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері