Төрт бақыт – Иоганн Вольфганг фон Гёте

Бұл бетте «Төрт бақыт» атты Иоганн Вольфганг фон Гёте жазған бақыт туралы өлең берілген.

  • 06.09.2021
  • 0
  • 0
  • 1063
Араб еліне Аллам сыйлаған
Төрт құдіретті бақытты.
Жүрек төріндегі қуаныш пен батырлық
Ешқашанда сөнбеген.
Сәлде – сахара capбаз дары үшін
Патша тәжінен де бағалы.
Шатыр – жол бойына созылған,
Қанға түгел сөрелері боянған.
Болат, тас қабырғалардан да қатты,
Тау қыраттарынан да берік,
Қамауда тұсауланған қайсар сұлу қыздардың
Оқтын-оқтын кейде зарлап үндері шығар.
Өлеңіммен қызықтырып,
Жібек орамалдарынан гүлдер тердім,
Мұп-мұнтаздай, мөп-мөлдір, тап-таза әйелдері
Маған үмітпенен сенім арта қарады.
Дастархан түрлі тағамдарға толы, гүлдене жайнаған
Бәрі де тойға арналған.
Үйренуге келген небір жандар,
Дана, өсиетті сөздерді ұғып тыңдаған!

1815


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері