Бойыма сыймай барады тасқыным-күшім

Бұл бетте «Бойыма сыймай барады тасқыным-күшім» атты Әбілда Аймақ жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 15.04.2021
  • 0
  • 0
  • 923
Бойыма сыймай барады тасқыным-күшім,
Қайтардым талай жерлерде бақсының мысын.
Мендегі қайрат мерт қылар, болмаса өзі
Бір жерден жарып шығады, тақсырым, түсін.
Үйге де сыймай, түзде де аласұрамын,
Бір нәрсе істеп кетсем де жақсылық үшін.
Білмеймін қалай жанымның самалдайтынын,
Тірліктен өтер бұл пенде ала алмай тыным.
Кетсем бе екен ілесіп диуаналарға
Өмірде түгі жоқ тағы алаңдайтұғын.
...Жүрегім аунап кеудемді тепкілеп жатыр,
Жыртығына көңілдің бола алмай тығын.
Түсінем маған бір нәрсе керек екенін,
Момының едім ұсынған төреге төрін.
Майда-шүйде бірдеңе болып барады
Ертелі-кеш шимайлап өлең етерім.
Қосылсам күнә болады-ау ішкіштерге бір.
Дәл менің сонда, Құдай-ау, немене теңім?!
Барсам ба екен қатынға қойыны жұмақ,
Қалар да бәлкім оларға ойыным ұнап.
Шарапқа толы кесені малданып алып
Шағынсын бір сәт шырқырап ой – ұлым жылап.
Тойынып көңіл, тағдырым, тұрар ма екен
Түсті деп сонау алысқа сойылың құлап.
Бойыма сыймай барады тасқыным-күшім,
Көре алмай мына өмірден жақсының түсін.
Қиратып быт-шыт санамды торлаған ойды,
Сөйлейін енді, медет бер, ақ шыным үшін.
Әйел мен шарап тозаққа бастайтын еді
Болсыншы менің пендеге жақсы ырым – ісім!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Бойыма сыймай барады тасқыным-күшім өлеңінің авторы кім?

Әбілда Аймақ — осы өлеңнің авторы.

Бойыма сыймай барады тасқыным-күшім өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Бойыма сыймай барады тасқыным-күшім өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Әбілда Аймақ өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Бойыма сыймай барады тасқыным-күшім өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері