Табыстым құран оқып ұлы күнмен

Бұл бетте «Табыстым құран оқып ұлы күнмен» атты Әбілда Аймақ жазған діни тақырыптағы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 15.04.2021
  • 0
  • 0
  • 1169
Табыстым құран оқып ұлы күнмен,
Өзімнің болмысыммен, тұнығыммен.
Мұхаммед – пайғамбарым, Құраным - шын,
Құдайдың, әлхамдулла, құлымын мен!
Құранды қасиетті жоғары ілдім,
Ғұмырда көргеніме тоба қылдым.
Түгелдеп құбыламды есім барда,
Тағы да тәкпір айтып, жоба құрдым.
Дұғасын кейінгілер маған да арнар,
Ей, шайтан, тозаққа көш санамды арбар.
Бекерге қалам ұстап жүргенім жоқ
Ортадан орын беріп Қаләндарлар.
Ақыры тобаға кеп, бас білдім-ау,
Аузымда - салауатым, тәспім мынау.
Пірлерім жеті кәміл сәлде ораған,
Қолымды өздеріңе тапсырдым-ау.
Болар ма кешірімді алжығаным,
Бір Алла бұйырта ма бал жұмағын.
Майданда екі ұдай сезімменен
Ертеңгі жайымды ойлап зар жыладым.
Ей, Алла, қоғамдағы дүбірменен,
Бүлінсем, пенделікпен бүлінген ем.
Түмен бап әлдилеген бесігінде
Түнімен күбірлеген құлың мен ем.
Түкірдім иманы жоқ қызығыңа,
Тойындым жын-перінің ызыңына.
Мол еді шапағатың пенделерге
Барайын мұсылман боп құзырыңа.
Табыстым құран оқып, ұлы күнмен,
Өзімнің болмысыммен тұнығыммен.
Мұхаммед – пайғамбарым, Құраным - шын,
Құдайдың, әлхамдулла, құлымын мен.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Табыстым құран оқып ұлы күнмен өлеңінің авторы кім?

Әбілда Аймақ — осы өлеңнің авторы.

Табыстым құран оқып ұлы күнмен өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Табыстым құран оқып ұлы күнмен өлеңі не туралы?

Бұл шығарма діни тақырыптағы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Табыстым құран оқып ұлы күнмен өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері