Бүгін ешкім ат ізін салмады маған – Әбілда Аймақ

Бұл бетте «Бүгін ешкім ат ізін салмады маған» атты Әбілда Аймақ жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 15.04.2021
  • 0
  • 0
  • 904
Бүгін ешкім ат ізін салмады маған,
Өмірімді тағы да жалғады қалам.
Ауырғанда жолдастар есікті қақпай,
Жалғыз өзі кісінің қалғаны жаман.
Керексіз жан ешкімге саналдым дағы,
Апта болды, үйіме қамалдым тағы.
Достарым түсіп кетті де есіме менің,
Ұйқымнан шошып ояндым таң алдындағы.
Отырдым тұрып төсекте мезі еткен мені,
Бірақ та бірақ өлеңге кезек келмеді.
Шырылдап торғай ақ таңнан хабар беріп тұр,
Өкініш біткен өртеніп өзек кернеді.
Барады екен ойлансам бәйгең де қалып,
Орнымнан тұрдым басымды ой кернеп алып.
Оңаша ғана бөлмеде оңаша ғана
Отырдым сосын бір шәйнек шәй демдеп алып.

1998 жыл.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері