Өлең, жыр, ақындар

Жоқ, дәрігер

  • 18.04.2015
  • 1
  • 31
  • 133569
Жүрегіме жүк артып жүргенімде,
Қажыдың ба, байғұсым, білмедім бе?
Шайпау тиіп, шаршатып кім көрінген,
Уландың ба, білмеймін кірледің бе?
Бары ақиқат бір дерттің жүрегімде,
Дәрігер-ау,арқалап жүремін бе?
Сорлайтындай соншама кім едім мен,
Heгe аяныш атасың іреңіңнен?
Айтып өлтір,қайтесің босқа ойланып,
Жүрек дерті өлімге бастай ма анық?
Адасам ба өмірден жастай қалып?
Ет жүрегім кете ме тасқа айналып?
Heгe айтпайсың, тұрғанша босқа ойланып.
Пері соққан пендедей есі жарым,
Тамырымда тулайды есіл ағын.
Бұл жүректің білмеймін несін алдым,
Несі жоғын білмеймін, несі барын?
Қаным қайнап барады, қаным қайнап,
Бір амал тап, дәрігер,халімді ойлап.
Алауыртқан ақынның қолын байлап,
Әкетпесін ажал кеп, өлімге айдап.
...Жоқ!
Дәрігер!
Орнатпа басқа жүрек!
Басқа лүпіл жасама, басқа леп.
Қалай айтам, бүлінген жүрегімді,
Білдірмей доғдыр алып тастады деп?!
Өңгеріп өгей жүрек қайда барам,
Өзгенің ғұмырын қалай пайдаланам?
Сыйыңа рахмет, қайран адам!
Өзімнің жүрегімдей қайда маған?
Алмастырам!?
Дедің-ау, алмастырам!..
Сірә, менің жұлдызым жанбас бұдан.
Өзімнің жүрегімді жерлеп келіп,
Өзгенің өмірін қайтіп жалғастырам?
Тула, Жүрек!
Өкінем мен несіне!?
Туған жүрек,әрине,өлмесін бе?
...Жоқ!
Дәрігер!
Қозғама,
дамылдасын,
Әрбір жүрек өзінің кеудесінде!



Пікірлер (31)

к.р

жақсы өлең

Назерке Бекболатовна

Маған қатты ұнады. Өте тамаша өлең!

Аян

Өте тамаша өлең!

Бейбіт қыз

Жақсы өлең

Аяжан

Өте жақсы өлең!

Ұлжан

Өте керемет өлең

Ақмаржан

Керемет өлең

Назерке

Мен бул оленди коп издедм.Оте кереметь олен екен гой Маган катты унады

ZIDA

Өте керемет!
Маған ұнады

эльмира

ен керемет олен

Сабина

Күшті өлең

Дана

Өте керемет маған ұнайды осндай Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері менің өзіме,өміріме шабыт береді!

А.А

Керемет

Myrza

Өте тамаша!

Өте керемет ❤

Айдана

Керемет

Сара

Мұқағали Мақатаев

Myrza

Өте керемет!

Мұрат

Мұқағали Мақатаевтың Жоқ, дәрігер атты өлеңі ұнады

Дана

Өте керемет өлең

Әмина

Өте керемет өлең♥️

Сұлушаш

Маған бұл өлең өте қатты ұнады

Сұлушаш

Маған ұнады

Гундон

Маған өлең қатты ұнады

Адия

Өте керемет өлең!!!!! Тезақ жаттап алдым.

Адия

Тез жаттап алдым.

Г

Садрымм

Айзере❤️

"Жоқ дәрігер" өлеңі өте керемет❤️

мармар

Терең мағыналы

Толғанай

Өте керемет өлең

Пікір қалдырыңыз

Адасқан шағала

  • 2
  • 17

Жаным-ау, қайдан жүрсің, ақ шағала,
Келсең кел, бұл өлкені жат-санама.
От-суы мол осынау байтақ алқап,
Сая болған батырға, патшаға да.

Толық

Сиыр айдап өріске ертеңменен

  • 1
  • 2

Сиыр айдап өріске ертеңменен,
Баратын ек тоғайға еркемменен
Тал басына шық тұрып, күннің нұры
Мың бояумен тоғайды көркемдеген

Толық

Төлегенге

  • 1
  • 4

Тұңғыш көрдім өлгенін шын ақынның,
Қызарып батты ертеңгі шығатын күн.
Торғай-өлең шырылдап бара жатты
Аузында ажал дейтін сұрапылдың.

Толық

Қарап көріңіз