Өлең, жыр, ақындар

Қабылдау бөлмесі

  • 15.04.2021
  • 0
  • 0
  • 824
Телефонмен шақырдың келіңіз деп,
Өзіңізге дайын ғой төріміз деп.
Салып ұрып барайын бәрін тастап,
Адамзатқа жетпейтін көңіл іздеп.
Қарауылың «жоқ» деді дүңк еткізіп,
Ішімнен бір қойғандай сылқ еткізіп.
Кеп қалар деп күттім кеп сол арада,
Күдік дейтін ойымнан үркекті үзіп.
Мәшинеңіз көрінді көз талғанда,
Айтылмайтын көмейде сөз қалғанда.
Пәуескеңе ұмтылдым үмітпенен,
Секілденіп далада тозған қарға.
Өте шықтың жанымнан көрмегенсіп,
Көңіліңді көрсең де бөлмегенсіп.
Есігіңді амал жоқ күзеттім кеп,
Сені көрмей мәңгілік шөлдегенсіп.
Хатшы қызың тирақсып тергеп мені,
Нығыздады қылыштай өрмектегі.
Дәлізіңде күткенде, о, Құдайым,
Пайғамбар боп көріндің жер-көктегі.
Өтті менің күтумен жарты күнім,
Көңіл шіркін бөлмеңнен қалқыды мұң.
Кеткен екен биіктеп бөлемесінде
Бастықтардың бағасы, нарқы бүгін.

4 шілде, 2008 жыл.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Қазығұрт

  • 0
  • 0

Бабалардың ізінен
«Алла» деп бір ерейін,
Бүлкілдесін көмейім,
Сөз маржанын терейін,

Толық

Қадірлі ана

  • 0
  • 0

Қадірлі ана,
Мен сені танымаймын,
Маған тартқан сыйлығың–жарық – Ай, Күн.
Жатқанымда уызға жарымай дым,

Толық

Пенделер істейді екен өз дегенін

  • 0
  • 0

Пенделер істейді екен өз дегенін,
Ал менің сәл бөлектеу көздегенім,
Халықтың датын айтып өтсем деп ем
Жүрекке салғаннан соң сөз көгенін.

Толық

Қарап көріңіз