О дүние маған жат емес – Әбілда Аймақ

Бұл бетте «О дүние маған жат емес» атты Әбілда Аймақ жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 15.04.2021
  • 0
  • 0
  • 663
О дүние маған жат емес,
Бұл дүние маған қат емес.
Сүйреп жүр мені әшейін,
Өзім де білмес жат елес.
Әніңді қайтем сондағы,
Тағдырым жастай қорлады.
Қырыққа дейін қаңғырдым,
Осы ма өмір оңғаны?
Алдады мені күн елес,
Алдады мені түн елес.
Адамға біткен қайғының,
Алдында өмір түк емес.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері