Өткен күннің елесі – Тортай Сәдуақас

Бұл бетте «Өткен күннің елесі» атты Тортай Сәдуақас жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 20.04.2021
  • 0
  • 0
  • 706
Е-е, достым, елес пе еді ол, ертек пе еді,
Еске алсаң еспе көңіл елтед тегі;
доп қуып кететінбіз, асық атып,
үй-үйдің тентектері.
Бәтір-ай, батқан күнді байқамастан,
Базармен жазды өткеріп жайдары асқан;
Мектепке беттейтінбіз сосын күзде,
Құшағын айқара ашқан.
Шіркін-ай, шат-шадыман күнді кілең,
Шалқытып, сыр ақтарып бір-бірімен;
Жаңғырып жас жүректер жататұғын,
Қоңырау күмбірімен.
О, пәлі, он сегіздің тарқар ма әні,
Оның да озған күнмен артар мәні.
Қасқиып қас биікте жүрмісіңдер,
Ауылдың арқарлары...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері