Білгің келсе

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

  • 22.03.2022
  • 0
  • 0
  • 583
Бұл өмірдің өciп тұрған бағынан
Не көрсем де шындығына бағынам.
Сен керексің, жүре тұршы десе хақ,
Бұйырмыстан сұрап жеймін тағы нан.
Тарыққанға берген iзeт, ici дем
Имендім-ақ инабатты кісіден.
Қатал тағдыр қаршадайдан қалғытпай,
Жаттан жәрдем күткен күйге түсіп ем.
Адам тану ережесін жаттағам,
Себеп болды жаңағы айтқан жат та оған.
Именуге шебер болады екенсің
Жетпей жатса жетелейтін жақсы ағаң.
Күн сыйлады бip кезде бұл жұрт маған
Махаббатың сағынышпен жұптаған,
Өліп қайта тірілген де жерім бар,
Соғыс кімнің жастық шағын жұтпаған?..
Болған жоқпын мен әкім де, ғалым да,
Мал салмадым шөбі шүйгін қалыңға.
Қолда барды бердім түгел өзгеге,
Қарыздар да болғаным жоқ қарынға.
Қайран менің қандасым мен елдесім,
Білгенің жөн егде сырға енгесін.
Өктем күштен көрген жәбір кешегі,
Алып жатыр ет жүректен енді өшін.
Бәрін көрдім, бәpi қазына өткеннің,
Жарты өмірім — жасымаған от пен мұң.
Бергі жағы — беймазалау дербестік
Өзіне де бой бермеген өктемнің.
Арым таза елге берген пұлымның
Тексерсе де құдай өзі құнын мың.
Сен де, досым, төккен қан мен терімді
Қадір тұтсаң, қара сирақ құлыңмын!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Білгің келсе өлеңінің авторы кім?

Хамит Ерғалиев — осы өлеңнің авторы.

Білгің келсе өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Білгің келсе өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Хамит Ерғалиев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Білгің келсе өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері