Екшелген ереже

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

  • 22.03.2022
  • 0
  • 0
  • 529
Сексен, сенің тойыңмен де білістім.
Бұл да өзінше біткен жepi бір істің.
Деуші ем ылғи ереженің ежелгі
Қай жеріне дұрыс емес, бұрыспын?
Сексен жерден жанып тұрған шыраққа
Қарай бердім, жауап күтіп сұраққа.
Шырағдандар шырай берді бүгін-ақ
Қондырардай қос қанатты пыраққа.
Осындайда көп азапты аз етем, —
Өмip бойы кешкен налам наз екен.
Құлдық сенің ережеңе ежелгі,
Қасіреттен қайрат жиған қазекем!..
Қорқа жүріп төрт қылғаным eкiмдi
Ұрда-жықтан ұялғаным секілді.
Ұрда-жықтан ұрлап алған есерлік
Құлжадай-ақ құз басынан ceкірді.
Mенің iciм кесірінше көктеніп,
Содан бәлкім соқыр бұлақ кеттi өніп,
Содан бәлкім соқпағы жоқ, соры көп
Қарсаңға да қалмадым мен кептеліп.
Азапқа да борыштымын әуелі
Бауырым баққа толғаны үшін мәуелі
Бұл жалғанда көп мен үшін қайшылық,
Бұл жалғанда жоқ мен үшін жау елі
Үлгердім мен бәрін сүйіп, құшақтап,
Бітпесем де бір парызды үш ақтап.
Жазғыруға жомарт күннің өзінде
Жоқ секілді кеткен жерім ұсақтап.
Ежелгі пәк ереженің иeci —
Дана қазақ! Барым саған тиесі
Арманым жоқ шөлдеп барып қала алсам
Шеккен жерде Асанқайғы түйесі.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Екшелген ереже өлеңінің авторы кім?

Хамит Ерғалиев — осы өлеңнің авторы.

Екшелген ереже өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Екшелген ереже өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Хамит Ерғалиев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Екшелген ереже өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері