Ақын Ғалиға

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

  • 17.03.2022
  • 0
  • 0
  • 865
I
Жылдары жырмен ашылған
Орманның ұлы, тау ұлы!
Байқасаң, бұрқап басылған
Арттағы күндер дауылы.
Ecкірсін нелер жыл мейлі,
Олжаң ғой артқан оларың.
Ақындар бipaқ білмейді
Албырттық артта қаларын.
Жастық шақ, рас, сыйласын
Шаштың да қажет аппағы.
Алайда мәңгі қимасын —
Жанының жалын атпағы.
Kiм барар бекер жаладан
Әжімге ceнi телуге!..—
Айнымай сәби баладан
Еркелеп келдің елуге.
Сүйкімді маған сөз, үнің!
Құшаққа кipceң — құп, аға!
Раушан-балғын сезімің
Өмipгe тартқан сыбаға.

ІІ
Сүйерің таза сұлулық,
Азаптан бастың бостығы.
Сүйерің — өмip сүру нық,
Айнымас адам достығы.
Аяған бізден жер тегіс
Азықтық ауа, су несін?
Табиғат бетін өртегіш
Зұлымдық қана сүймесің.
Жақсы ғой ақын: өзi ғой
Өлеңінің әсем үйлесі
Сарайы толы озық ой,
Үзілмес өмip үлесі
Қажет қой биік ұшарың
Ұйтқыса жерден шаң тағы.
Артықша ceнің құшарың
Алдағы күннің шапағы.
Ақша қар жерге басыңнан
Қылаулап түciп жатса да,
Жырындай жазған жасыңнан
Жалындай бершi, жақсы аға!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ақын Ғалиға өлеңінің авторы кім?

Хамит Ерғалиев — осы өлеңнің авторы.

Ақын Ғалиға өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Ақын Ғалиға өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Хамит Ерғалиев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ақын Ғалиға өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері