Егіс дастаны – Тортай Сәдуақас

Бұл бетте «Егіс дастаны» атты Тортай Сәдуақас жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 20.04.2021
  • 0
  • 0
  • 698
Жасампаздық шығады шын тектіден,
Танап – парақ, қаламдарың көк түрен:
Тебіреніп жүрген осы сәтіңде,
Диқан, сені дарынды ақын деп білем.
Толғап жүрген егісіңнің дастанын,
Шабытыңның шын ұғындым асқағын:
Биыл тағы қуантуға халқыңды,
«Миллиардыңның» прологін бастадың!..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері